Куба елі туралы м лімет

Президент Кубы подтвердил Володину поддержку курса Путина на глобальную безопасность

Прибывший на Кубу с официальным визитом спикер Госдумы Вячеслав Володин провел встречи с президентом страны Мигелем Диас-Канелем Бермудесом и председателем Национальной ассамблеи народной власти и Государственного Совета Эстебаном Ласо Эрнандесом, которые хорошо осведомлены об обострении ситуации вокруг Украины, а также о переговорном процессе между Москвой, США и Европой.

«Состоялись встречи с президентом Кубы Мигелем Диас-Канелем Бермудесом, председателем Национальной ассамблеи народной власти и Государственного Совета Эстебаном Ласо Эрнандесом и нашими коллегами-депутатами, — сообщил Володин сегодня, 24 февраля, в своем телеграм-канале. — Разговор шел о развитии отношений в рамках парламентского измерения между Россией и Кубой. Договорились о новых форматах сотрудничества, которые должны принести пользу гражданам наших стран».

Политик отметил, что «несмотря на то что Куба далеко, здесь хорошо осведомлены о происходящем в России, на Украине, в Европе, об отношениях с США».

«В ходе встреч кубинские коллеги высказали поддержку позиции нашей страны в сфере глобальной безопасности, озвученной президентом Владимиром Путиным. Они так же подчеркивают, что ни одно государство не может обеспечивать свою безопасность за счет безопасности других. Куба готова отстаивать эту точку зрения совместно с Россией на международной арене», — констатировал парламентарий.

Он добавил, что работа в Гаване завершен, дальше по программе — Никарагуа.

Как сообщало EADaily, 22 февраля Госдума ратифицировала четыре протокола о внесении изменений в межправительственные кредитные соглашения России и Кубы, подписанные в Гаване 7 августа 2021 года. Согласно пояснительной записке, к принятому закону о ратификации протоколов, в период с 2006 по 2019 годы Россия предоставила Кубе государственные экспортные кредиты на общую сумму, эквивалентную $ 2,3 млрд. Кредиты были предоставлены на цели финансирования важнейших проектов в области энергетики, металлургии, транспортной инфраструктуры, а также поставок продукции в Республику для развития и поддержки кубинской экономики.

В связи с обращением кубинской стороны с просьбой о пересмотре условий погашения задолженности по российским государственным кредитам были подписаны соответствующие межправительственные протоколы. Они предусматривают изменение условий погашения задолженности кубинской стороны перед Россией. Как отмечается в финансово-экономическом обосновании к закону, по измененному графику погашения кредитов сумма платежей в погашение основного долга и уплату процентов в 2020—2027 годах возрастет примерно на $ 11 млн по сравнению с действующим графиком.

Источник

Куба елі туралы м? лімет

Куба Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км 2 . Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы.

Мазмұны

Географиясы

Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, Бехукаль — Мадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар.

Әкімшілік бөлінуі

Куба унитарлық мемлекеттер қатарына жатады. Территориясы 14 провинцияға және Хувентуд аралы муниципиячына бөлінеді. 2011 жылдың қаңтарынан Гавананы Артемис жіне Маябек провинцияларына бөлу туралы шешім өз күшіне енеді. Осылайша провинциялар саны 15ке жетеді.

  1. Пинар-дель-Рио (ис. Pinar del Rio)
  2. Артемиса (ис. Artemisa)
  3. Гавана қаласы (ис. Ciudad de La Habana)
  4. Маябеке (ис. Mayabeque)
  5. Матансас (ис. Matanzas)
  1. Сьенфуэгос (ис. Cienfuegos)
  2. Вилья-Клара (ис. Villa Clara)
  3. Санкти-Спиритус (ис. Sancti Spiritus)
  4. Сьего-де-Авила (ис. Ciego de Avila)
  5. Камагуэй (ис. Camagüey)
  1. Лас-Тунас (ис. Las Tunas)
  2. Гранма (ис. Granma)
  3. Ольгин (ис. Holguin)
  4. Сантьяго-де-Куба (ис. Santiago de Cuba)
  5. Гуантанамо (ис. Guantanamo)
  6. Хувентуд аралы (ис. Isla de la Juventud)

Тарихы

Куба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Индия) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Индия) деп аталып кеткен.

  • 1510 жылдан бастап елді испандар жаулап алуға кірісті. Үндістер отаршыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, испандар оларды қырғынға ұшыратты. Ауыр еңбектен, ашаршылықтан, аурудан үндістер жаппай қырылып, 1537 ж. 5000-дай ғана адам қалды.
  • 1812 ж. аралда құл-негрлер көтерілісі болды. Осыдан үрейленген жергілікті құл иеленушілер испан үкіметімен жасырын келісіп, аралдарды Испанияның соғыс-теңіз базасына айналдырды.
  • 1868 ж. 10-қазанда Куба патриоттарының көтерілісі басталып, 1869 ж. сәуірде тәуелсіз Куба республикасы жарияланды. Бірақ көтеріліс басшылары арасындағы жікті пайдаланып, испандар 1878 ж. 10-ақпанда өз биліктерін қайта орнатты.
  • 1886 ж. құлдық жойылды.
  • 1897 ж. 25-қарашада Испания Кубаға автономия берді.
  • 1898 ж. АҚШ Испанияға соғыс ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 ж. АҚШ Кубаны басып алды. Елде халық толқулары қайта күшейді.
  • 1902 ж. мамырда ресми түрде Куба Республикасы жарияланды. Бірақ, АҚШ ел экономикасына толық өз бақылауын орнатты. Диктатураға қарсы бір топ жастар 1953 ж. 26-шілдеде Монкада казармасына шабуыл жасады. Жауап ретінде үкімет жазалауды күшейтті. Мексикаға өтіп кеткен Фидель Кастро шағын жасақ жиып, 1956 ж. 2-желтоқсанда Кубаға оралды да, көтерілісті бастады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп, 1959 ж. 1-қаңтарда Батиста тәртібі құлады. Үкімет басына Ф.Кастро келді. АҚШ үкіметінің Кубада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру мақсатындағы бірнеше әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі кезде Куба социалистік жүйеде қалған мемлекеттердің бірі.

Экономикасы

АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі. [1]

Источник

Куба елі туралы м? лімет

Ядролық жандырғыш — ядролық энергияның босауымен жүретін бөліну немесе синтез реакцияларына ядролары қатысатын заттар.

ҚАПШАҒАЙ ТАҢБАЛЫ ТАСЫ

Қапшағай таңбалы тасы — Алматы каласынан солтүстікке қарай 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай жазу-таңбалары біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың XIII ғасырлары аралығында ойып салынған.

«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»

«Қорқыт ата кітабы» (ежелгі түркі тілінде — «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан») — оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Кітаптың ғылымда он екі нұсқасы белгілі. Дрезденде 12 нұсқа толығымен және Ватиканда осы 12 нұсқаның алтауы сақталған.

АЛЬПИНИЗМ ТАРИХЫНАН

Тауға қарап тамсану, оның басына шығу — адам баласының ізгі арманы, болғаны біздің бәрімізге мәлім қасиет.

ШАНАМЕН ҚҰЛДИЛАУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Шана тебу спортының отаны Ресей екендігін дәлелдейтіннақты дәлелдердің бірі, Нижний Тагил қаласынан табылған ескі шана біздің дәуірімізден 6000 жыл бұрын жасалған екен.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

Көркем гимнастиканың өмірге жолдама алған жері Европа контингенті.

Қазақстандық ашық база қоры -Uniface! Бұл сайттан сіз қазақша мәліметтер таба аласыз!

Источник

Куба туралы қызықты деректер

«Бостандық аралы» — Куба Республикасының бейресми атауы

Кариб теңізінің солтүстігінде орналасқан «Бостандық аралы» туралы қызықты деректер көп. Бұл мақалада біз солардың ең үздіктерін топтастыруға тырыстық. Оқып көріңіз.

1. «Бостандық аралы» — Куба Республикасының бейресми атауы. Бұл атаудың қойылуына 1959 жылы Фидель Кастро бастаған көтерілісшілердің билік басында отырған Фульхенсио Батистаның диктаторлық режимін құлатқаны себеп болды.

2. «Куба» сөзінің шығуына қатысты пікір көп. Солардың бірі бұл осы маңды мекен еткен үндістердің XVIII ғасырда жойылып кеткен «таино» деген тілінен қалған сөз дейді. Ол тілде «кубао» деген «шұрайлы жер», ал «коабана» деген «әдемі жер» деген мағына береді екен. Сондай-ақ, Христофор Колумб аралды Португалиядағы Куба деген елдімекеннің атымен атаған деген болжам бар.

3. Кубаның білім жүйесі өте нашар. Мектеп мұғалімдерінің білімі төмен. Ал, физика, биология, химия, география сынды пәндер «Ciencias naturales» (Жаратылыстану ғылымдары) деген бір пәнге біріктірілген. Бір жақсысы, мұнда білім алу тегін. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін талапкерлер Куба тарихы, испан тілі және математикадан емтихан тапсырады.

4. Елдегі медецина жақсы дамыған және Куба азаматтары үшін толықтай тегін. Бұл жақтың халқы, тіпті, аборт жасату үшін де ақша төлемейді.

Бауыржан Момышұлы Кубада, 1963 жыл

5. Кубалықтар Че Гевараны пір тұтады. Оның суретіне ел арасында сұраныс көп. Сіз білесіз бе, Че Гевара қайтыс болғанда оның дорбасынан Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколамское шоссе») кітабы табылған. Бұл кітаптың бас кейіпкері — біздің батыр атамыз Бауыржан Момышұлы.

6. Кубалық үйлерде әйнек терезе көп кездесе бермейді. Әдетте мұндағы ел терезелеріне ағаш немесе темір жалюзи орнатады.

7. Кубада интернет желісі өте нашар дамыған. Бұл елге турист болып барсаңыз, ел астанасы Гаванадағы ең қымбат қонақ үйлерден ғана wi-fi барын, оның өзі нашар жұмыс істейтінін ескеріңіз.

8. Бұл елде үйді-үйге ыстық су тартылмаған. Құбырмен тек суық су келеді. Сол себепті кубалықтар салқын суда жуынуды әдетке айналдырған. Жылы су керек дейтіндерге су құйылған бөшкені күн астына қойып немесе бойлер сатып алып амалдауға тура келеді.

9. Кубалықтар тазалықты сүйеді. Күн аса ыстық болғандықтан, мұндағы ел күніне кемінде екі рет киім ауыстырып, әтір сеуіп жүруді әдетке айналдырған.

Гавана көшесінің көрінісі

10. Кубалықтар жаңбыр жауғанда далаға шыққанды ұнатпайды. Бұл табиғи құбылыс кезінде кей адамдар оқуға, жұмысқа бармай қалуы да мүмкін.

11. Кубалықтар үйде ит ұстағанды ұнатады. Ол ит асыл тұқымды болса, тіпті, керемет! Ал, елдегі мысықтардың күні қара. Адамдардың бәрі итке әуес болғандықтан, олар қоқыс жәшігінің жанын паналауға мәжбүр.

12. Кубалықтар биге жақын. Ырғақты бір әуен қосыла қалса, жұмыс істеп отырған адамдардың өзі бас шайқап болсын билеуге тырысады.

13. Кубада 11,5 миллион адам өмір сүреді. Оның 2,5 миллионы ел астанасында тұрады. Бұл елдің орталық телеарналарында жарнама көрсетілмейді.

14. Кубалықтар жұмыстан кейін көше бойындағы орындыққа жайғасып, ұйықтай кетуді қалыпты жағдай деп біледі.

15. Кубалықтар бейсболды қатты жақсы көреді және жақсы ойнайды.

16. Кубалықтардың ең сүйікті тағамы «Congri» деп аталады. Ол күріш пен қара үрмебұршақтан жасалады. Жергілікті халық бұл тағамды аптасына кемі 4-5 рет жейді.

Источник

Куба – дәрігерлері мен бишілері көп ел

Кариб теңізінде орналасқан Куба көпшілік қауымға Бостандық аралы деген аңыз атпен кең таралған. Бұл ел туристер қауымын қайталанбас сұлулығымен, өмірге құштар адамдарымен, ыңғайлы климатымен, таңғажайып жағалауларымен баурап алып жүр. Куба – жылдың кез келген маусымында баруға болатын туристік аймақ.

Бүгін әлем елдерін таныту мақсатындағы жобамызды жалғастыра отырып, Куба және оның халқы туралы қызықты мәліметтермен таныстырғымыз келеді.

1959 жылдан бері Кубаның бейресми атауы Бостандық аралы болып келеді. Кубаның аты саяхатшы Христофор Колумбтың есімімен тығыз байланысты. Ол 1492 жылдың 12 қазанында алғаш рет осы жерге аяқ басқан. Сол уақыттан 1898 жылға дейін арал Испания Әмірлігіне тиесілі болып келді. Яғни, осы жылы мемлекет өз тәуелсіздігін алды. Мемлекеттің ең үлкен қаласы әрі астанасы Гавана болып табылады. Қаланың негізін 1519-1521 жылдары испандық конкистадор Д. Веласкес қалаған екен. Кубадағы үлкен-кіші аралдардың барлық саны – 4000. Елдің жалпы алып жатқан аймағы – 111 мың шаршы шақырым, батыстан шығысқа қарай 1250 шақырымға созылып жатыр. Халқының тығыздығы – шаршы шақырымға 102 адам. Әйелдердің саны шамамен 5, 58 млн, еркектердің саны 5, 60 млн.

Куба – Кариб бассейніндегі халқы ең тығыз орналасқан мемлекет саналады.

Кубадағы ең ұзын өзен – Кауто. Оның ұзындығы 370 шақырымға жетеді. Сондай-ақ, ең үлкен нүктесінің Пико Туркина ( 2005 метр) екендігін де айта кетейік.

Кубада адам баласына өлім қаупін төндіретін өсімдік те, жануар да жоқ. Алайда, Бостандық аралының ішкі суқоймаларынан кубиндік қолтырауындарды ұшырастыруға болады.

Бостандық аралында өмірінің көп бөлігін өткізген америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй Кубаны «Жердегі жұмақ» деп атаған екен.

Куба әлемде жер көлемі жөнінен 104-орында тұр.

Кубада әлемдегі ең кішкентай құс колибри өмір сүреді. Оның салмағы – 1,6 грамм ғана.

Мемлекеттің ресми тілі – испан тілі. Тұрғындардың басым бөлігі ағылшын тілінде сөйлей алады. Ұлттық валютасы – песо. Сенімдері – христиан діні (католицизм).

Кубаның туын 1850 жылы Испаниядан тәуелсіздікті талап еткен көтерілісшілер ойлап тапқан. Үш бірдей көк жолақ аралдың бөлшектелуін көрсетсе, ақ түс бостандықты нышандайды. Ұқыпты орналасқан үшбұрыш Кубаның бостандығы, теңдігі, бауырластығы үшін қойылған. Ал қызыл түс тәуелсіздік үшін төгілген қанды кезеңді нышандайды.

Кубаның экономикасы социалистік тәртіппен басқарылады. Өндірістің басым бөлігін де үкімет басқарады, адамдар мемлекетке жұмыс істейді.

Кубада жеткілікті дәрежеде мұнай бар. Бірақ, байлық сәтсіз жерде (Варадеро жағалауының туристік аймағы) орналасқандықтан, өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.

Өндірістің негізгі салалары: мұнай, табак, никель, цемент, болат, ауыл шаруашылығы техникасы, фармацевтикалық өнімдер, қант т.б.

Әйелдердің саны шамамен 5, 58 млн, еркектердің саны 5, 60 млн.

Кубадағы ғаламтор өте қолжетімсіз. Ғаламтор қостыру үшін мемлекеттің арнайы рұқсаты керек. Рұқсат болмаған жағдайда 5 жыл түрмеге қамалуыңыз мүмкін.

Міне қызық, елдегі дәрігерлер саны жөнінен әлемдегі бірінші орынды алады екен. Медицина қызметкерлерінің көптігі соншалықты, оларды маман жетіспейтін басқа елдерге жіберіп отырады.

Кубаның көрікті жерлерін тамашалауға шетелден жыл сайын 2 млн. адам келеді. Олардың көпшілігі Канада мен Еуропадан келетін көрінеді.

Куба өзінің сапалы темекісімен және кофесімен мақтана алады. Өзге елдер де Кубаның осы екі өніміне жоғары баға береді. Сондай-ақ, Кубадан шығатын қант дымқылдылығымен, ашыған иісімен ерекшеленеді.

Кубада әлі күнге дейін «Libreta» деп аталатын карточка жүйесі сақталған. Яғни, тұрғындар карточка арқылы күріш, май, құрғақ сүт, бадана сынды тағамдарды қолжетімді бағаға ала алады. Мемлекет 6 жасқа дейінгі балаларға тегін сүт береді. Егер, балаңыз жоқ болса, сүтті базардан сатып алуға тура келеді. Теңіз өнімдері мен сиыр еті бойынша өз бетінше сауда жасауға да тыйым салынған.

Кубада ыстық су жүйесі жақсы дамымаған. Кубалықтар көбіне суық суға немесе күн көзіне ысытылған суға жуынады. Оларда соңғы уақытқа дейін электр шәйнегіне, тостерға тыйым салынып келді.

Кубалықтардың ең сүйікті әрі дәстүрлі тағамы – «Congri». Тағам күріш пен баданадан дайындалады. Олар мұны аптасына 4-5 рет етпен не етсіз жейді. Жемістер арасында банан кең таралған.

Кубалықтардың ең сүйікті спорты – бейсбол. Спорт әлемінде кубалық бейсболистер жоғары бағаланады және америкалық командалармен бәсекелеседі.

Әлем халқы кубалық балет мектебін сыйлайды. Ел аузында «Орыс балеті шеберлігімен, француз балеті эмоционалдылығымен, рухани байлығымен баурап алса, кубалық балет екеуін де қамтиды» деген сөз бар.

Билей алу қабілеті өмірге келген әрбір кубалыққа тән. Ырғақты әуенді естіген кез келген тұрғын, мейлі ол жұмыста, далада болсын, еркінен тыс билеп кетеді.

Кубада білім беру жүйесі өте әлсіз десе де болады. Бір кездері мықты маман болған адамдар қазір зейнеткер жасына келген. Мектептерде білімі төмен жоғары сынып оқушылары сабақ береді. Биология, география, химия сынды пәндер «Ciencias naturales» деп аталатын бір пәнге бірігіп кеткен.

Кубада ақысыз білім беру жүйесі ғана бар. Кез келген ЖОО-на тапсыру үшін Куба тарихы, испан тілі және математикадан емтихан тапсырылады.

Кубадағы кез келген медициналық қызмет (тіс дәрігері, гинеколог т.б.) тегін көрсетіледі.

Кубалықтар тазалықты өте қатты ұстанады. Олар күніне екі рет душ қабылдап, парфюмдерді белсенді қолданады.

Кубаның көшелерінен ішімдікке тойған адамдарды көре алмайсыз.

Кубалықтар жаңбырлы күні далада жүруді ұнатпайды. Олар жауынды күндері жұмысқа, мектепке бармайды. Ал ыстық күндері міндетті түрде қолшатыр ұстап жүреді.

Әйелдердің ең сүйікті киімі – джинсы шортылар. Қыздар қысқасын кисе, ересек әйелдер тобықтан келетінін киеді.

Кубалықтар өте ашық, жайдарлы, тез тіл табысқыш келеді. Тұрғындар көңіл-күйі жақсы болса, көшедегі кез келген адаммен танысып, достасып кетеді.

Источник

Оцените статью
Юридический портал
Adblock
detector